logo

Қазақстан чемпионатынан шеттетілген клуб жаңа бапкерді тағайындады

Қазақстан чемпионатынан шеттетілген клуб жаңа бапкерді тағайындады

Атакенттік «Мақтаарал» 39-жасар қазақстандық маман Руслан Эсатовты бас бапкер лауазымына тағайындау туралы жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұл туралы клуб ресми жариялады.

«Руслан Эсатов «Мақтаарал» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды. Сондай-ақ, бапкерлер құрамына Серік Сағындықов, Иван Хамзин, Әбілқасым Тілеужанұлы және Олжас Құлымбетов сынды мамандар толықтырды», - деп хабарлады «Мақтаарал» ФК.

Естеріңізге сала кетейік, Атакенттік клубты футбол ҚФФ клубтарын лицензиялау жөніндегі ережелердің минималды талаптарына сәйкес келмегені үшін Қазақстан чемпионатынан шеттетілді.