Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы шабуылшысы «Оқжетпеске» қаралымға келді
Шабуылшы Алияр Мұхамед көкшетаулық «Оқжетпестің» оқу-жаттығу жиынына қосылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Оқжетпестің» Шымкентте өтіп жатқан жиынына бір топ қазақстандық ойыншылар қосылды. Солардың ішінде Премьер-лигада 50-ден астам ойын өткізген Алияр Мұхамед бар.
Аталмыш футболшы өткен маусымда «Мақтаарал» командасының намысын қорғады.