logo

Бірінші лигаға түсіп қалған «Ақсу» командасы жаңа маусымда Премьер-лигада ойнайды

Бірінші лигаға түсіп қалған «Ақсу» командасы жаңа маусымда Премьер-лигада ойнайды

Футболдан 2024 жылғы Қазақстан Премьер-лигасына қатысатын командалардың толық тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Биыл Премьер-лигада сынға түсуге мүмкіндігі болған «Мақтаарал» футбол клубының орнын «Ақсу» командасы басты. 

Еске салсақ, Түркістан облысының ұжымы футбол клубтарын лицензиялау жөніндегі ереженің талаптарын орындамағаны және талапқа сай келмегендігі үшін доп додасынан шеттетілген еді.



Күн шежіресі