«Қайрат» мадридтік «Реалдың» бұрынғы шабуылшысымен келісімшартқа қол қойды

«Қайрат» мадридтік «Реалдың» бұрынғы шабуылшысымен келісімшартқа қол қойды

«Қайрат» футбол клубы испаниялық шабуылшы Марк Гуальмен келісімшарт жасасқанын хабарлады. Тараптар арасындағы келісім 2027 жылдың соңына дейін жарамды.

Марк Гуаль Каталониядағы Бадалона қаласында дүниеге келген. Ол «Бадалона», «Барселона» және «Эспаньол» академияларында тәлім алған.

Кәсіби мансабында «Севилья Атлетико», «Сарагоса», «Жирона», «Реал Мадрид Кастилья» және «Алькоркон» клубтарының намысын қорғаған.

2022 жылдың көктемінде Гуаль польшалық «Ягеллония» клубына ауысты. 2022/23 маусымының қорытындысы бойынша ол Польша чемпионатының үздік шабуылшысы атанып, Экстракласа лигасының ең үздік форварды деп танылды.

2023 жылдың жазында ол варшавалық «Легия» сапына қосылып, командамен бірге Польша кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды. 2024/25 маусымында барлық турнирде 19 гол соғып, клубтың үздік сұрмергені атанды. Сонымен қатар, УЕФА Конференциялар лигасында 7 гол соқты.

Шабуылшының соңғы клубы Португалия жоғары дивизионында өнер көрсететін «Риу Аве» болды.

Сондай-ақ, Марк Гуаль Испанияның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы сапында үш матч өткізген.


 



Күн шежіресі