«Ертіс» Беларусь ұлттық құрамасының қорғаушысымен келісімшартқа қол қойды

«Ертіс» Беларусь ұлттық құрамасының қорғаушысымен келісімшартқа қол қойды

Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы беларусьтік қорғаушы Руслан Юденковпен еңбек келісімшартына қол қойылғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Руслан Юденков — Гомель қаласының тумасы және Беларусь футболының түлегі. Кәсіби мансабын Могилёвтің «Днепр» клубында бастаған. Өз елінде «Гомель», «Ведрич-97», «Славия-Мозырь» және «Городея» клубтарының намысын қорғады. Беларусь чемпионатында 91 матч өткізіп, 5 голдың авторы атанды. Қазақстандық жанкүйерлерге қорғаушы «Мақтаарал», «Қайсар», «Тұран» және «Атырау» клубтарындағы ойынымен жақсы таныс. Қазақстан Премьер-лигасында 107 матч өткізіп, 9 гол соқты.

Соңғы екі маусымда Руслан «Атырау» клубының сапында өнер көрсетіп, команданың негізгі ойыншыларының бірі болды. Осы уақыт аралығында 24 матчқа қатысып, 3 гол соқты.

Сондай-ақ Юденков Беларусь ұлттық құрамасының сапында 10 матч өткізген тәжірибелі футболшы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «Ертіс» ФК | Павлодар (@ertis_fk)



Күн шежіресі