«Қайраттың» экс-ойыншысы «Ақтөбе» құрамына қосылды

«Қайраттың» экс-ойыншысы «Ақтөбе» құрамына қосылды

«Ақтөбе» клубы 28 жастағы грузиялық жартылай қорғаушы Георгий Зариямен келісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Грузиялық жартылай қорғаушы бұған дейін «Қайрат» сапында өнер көрсеткен. Алматы клубының құрамында ол 59 матч өткізіп, 16 гол соғып, 11 нәтижелі пас берген. Сондай-ақ оның еншісінде УЕФА Чемпиондар лигасындағы сегіз матч пен бір гол бар.

«Қайратпен» бірге Зария екі мәрте Қазақстан чемпионы атанып, ел Суперкубогын жеңіп алған. Футболшының соңғы клубы Тбилисидің «Динамо» командасы болды.