logo

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Норвегиямен ойнауға дайын

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Норвегиямен ойнауға дайын

Қазақстан мен ресейлік «Ахмат» құрамасының шабуылшысы Максим Самородов клубта алған жарақатынан айығып, Алматыдағы ОЖЖ-да құрама сапына қосылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Максим Астанада Қазақстан құрамасының реабилитолог-дәрігері Степан Тупик бақылауымен оңалту процессінен өтті.

Қазақстан - Норвегия матчы 6 қыркүйекте Алматының орталық стадионында өтеді.