Премьер-лига: «Қайратпен» кездесуде Томасовтың голы «Астанаға» жеңіс сыйлады
Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 19-турында «Астана» «Қайраттан» басым түсті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Еурокубок ойындарына қатысуына байланысты елордалық команда бірқатар ойынды кейінге шегерді. Қазірге дейін небәрі 13 ойынннан кейін 18 ұпаймен 10-орында тұрған болатын. Ал, алматылық ұжым 17 ойыннан кейін 32 ұпаймен көш басында келеді.
Кездесу барысында қос команда жеңіске жету жолын іздеді. Десе де бір-біріне тегеурінді қарсылық көрсете білді. Ойын тағдырын 84-минутта елордалық командадан Марин Томасов соққан жалғыз гол шешті. Осылайша «Астана» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 8-орынға көтерілді.
Осы ойынмен қатар өткен тағы бір кездесуде «Жетісу» мен «Тұран» командалары 0:0 есебіне қанағат білдіріп, тең тарқасты.
Қазір «Шахтер» (Қарағанды) мен «Жеңіс» (Астана) кездесуі өтіп жатыр. Әзірге есеп - 0:0.