Нағыз сенсация: «Қайсар» өз алаңында чемпионды жеңді
Olimpbet Қазақстан чемпионатының 19 туры аясында қызылордалық «Қайсар» өз алаңында қазіргі ел чемпионы «Ордабасы» клубын қабылдады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Тартысты кездесуде есепті алдымен шымкенттік команда ашты. Ойынның 16 минутында қорғаушы Игорь Пластун гол соқты.
Екінші таймда «Ордабасының» бұрынғы ойыншысы Думан Нәрзілдаев есепті теңестірсе, Виталий Приндета дәл соққы жасап, алаң иелеріне жеңіс сыйлады.
Ойынның қорытындысы — 2:1.