«Қайрат» ел чемпионатында көш бастады (видео)

Футболдан Қазақстан чемпионатының 24-турының кейінге шегерілген матчында алматылық «Қайрат» өз алаңында «Жетісуды» 5:0 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Жоржиньо дубль авторы атанды, сондай-ақ голдарды Дастан Сәтпаев, Эдмилсон және Азамат Тұяқбаев соқты.
Осы жеңістің арқасында алматылықтар турнир кестесінде бірінші орынға көтеріліп, «Астанадан» 2 ұпайға алға шықты.