Қайрат Боранбаев Қазақстан чемпионатының негізгі фавориттерін атады
«Қайрат» ФК Бақылаушы кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев жаңа маусымдағы команданың мақсаттары туралы айтып, Қазақстан чемпионатының жүлделі орын үшін таласқа түсетін қарсыластарын атады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Боранбаевтың сөзінше, команданың алдында тек бір мақсат қойылған:
«Қазір команданың алдына қойылған жалғыз мақсат - үлкен жеңіске жету және Қазақстан чемпионы атану».
Сонымен қатар, ол алматылық команданың чемпионаттағы негізгі бәсекелестерін атады.
«Қазір болжау қиын. Басқа командалар қалай дайындалып жатқанын білмеймін, бірақ біздін бөлек «Астана» мен «Ордабасы» бас жүлдеге таласады деп ойлаймын. Бұл үлкен қалалардың клубтары, өздеріңіз білесіздер, олар қандай нәтижелер көрсететінін» - деді Боранбаев.
Наурызда басталған Қазақстан футбол чемпионатында «Қайрат» екі турда 4 ұпай жинады. Алдымен «Қызылжарды» 2:1 есебімен жеңді, содан кейін «Туранмен» тең ойын өткізді.