Айбол Әбікен мансабын қайда жалғастыратыны белгілі болды
28 сәуірде Айбол Әбікеннің дисквалификация мерзімі аяқталады, жақын арада Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы «Ордабасы» құрамында жаттығуларға кіріседі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет телеграм арнасында жазды.
Айбол допинг қолданғаны үшін екі жылға футболдан шеттетілген.