logo

Кирилл Кекер «Тұранмен» болған ойын жайлы пікірін білдірді

Кирилл Кекер «Тұранмен» болған ойын жайлы пікірін білдірді

Алматылық «Қайрат» бас бапкері Кирилл Кекер ҚПЛ-ның екінші турында «Тұранға» қарсы ойын туралы өз ойларымен бөлісті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

— Нәтиже бізді қанағаттандырмайды. Есеп 0:0. Бізде гол соғуға болатын жеткілікті мүмкіндіктер болды, бірақ, өкінішке орай, біз оны іске асыра алмадық. Сапасыз алаңның әсері болды. Мұндай факторлар футболшылардың көңіл-күйіне әсер етеді. Кейде біз қалағандай болмайды.

— Ойыншылар алаңның сапасына бірнеше рет шағымданды. Сіздің, бапкер ретінде, пікіріңіз қандай?

— Алаңның сапасы екі команданың да ойынына әсер етеді. Бүгін алаң қысқа және орташа пас ойнауға мүмкіндік бермеді. Сондықтан көп ұзын пас, единоборств болды. Менің ойымша, екі команда да ойнағысы келді, бірақ нәтижеге жауапкершілік бар еді. Екі команда үшін де алаң бірдей еді. «Тұранда» да сәттер болды. Бізде болған артықшылықты пайдалана алмадық.

— Ауыстырулар ойынға қалай әсер етті?

— Бізде бір ауыстыру болды — Мрынскийдің орнына Ткаченко шықты. Оның шығуымен оң қанаттағы агрессивтілікті арттырғымыз келді. Курес пен стандарттық жағдайларда ойынымызды жақсартқымыз келді.



Күн шежіресі