Қайрат Ахметов Сехудоға үндеу жасады: Қонақжайлық танытып, өткен жолы жеңіспен кетуіне мүмкіндік бердік, енді сыйлық жоқ
Қазақстандық ММА файтері Қайрат Ахметов Генри Сехудоның RAF лигасында Мераб Двалишвилиді жеңгеннен кейін оған үндеу жасады:
«Генри, біздің алғашқы жекпе-жегімізді есіңде сақтағаныңа сенімдімін. Мен сені жеңдім. Бірақ өзің білесің, біз — қонақжай халықпыз. Саған үлкен құрмет көрсетіп, қонақ ретінде қабылдадық. Тіпті қонақжайлығымыздың белгісі ретінде жеңіспен кетуіңе мүмкіндік бердік. Бірақ келесі жолы ешқандай жеңілдік, ешқандай сыйлық және ешқандай бонус болмайды. Келесі жолы сені ешкімде біздің қайсымыздың мықты екенімізге қатысты бірде-бір сұрақ қалмайтындай етіп жеңемін. Осы мәселені біржола жабайық».
Қайрат пен Генридің алғашқы жекпе-жегі Астанада өткен «Alash Pride» турнирінде болып, экс-UFC чемпионының ұпай санымен жеңісімен аяқталған.