Хатаев UFC және АСА лигаларының бұрынғы жауынгерімен жекпе-жек өткізеді
«Alash Pride» лигасы 28 тамызда Екібастұз қаласында турнир өткізеді, деп хабарлайды Sport+.
Кештің басты жекпе-жегінде жеңіліс көрмеген Расул Хатаев чемпиондық атағын қорғайды.
Оның қарсыласы 42 жастағы бразилиялық Эрналдо Оливейра болады. Ол бұған дейін UFC, PFL, ACA, FEN және басқа да әлемнің ірі жекпе-жек лигаларында өнер көрсеткен.
Турнирді Sport+ телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.