Ауыр салмақтағы титул және Орталық Азия дербиі: АСА 206 турнирінің тікелей эфирі

Ауыр салмақтағы титул және Орталық Азия дербиі: АСА 206 турнирінің тікелей эфирі

15 тамызда Мәскеуде АСА 206 турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде чемпиондық белбеу үшін Амир Алиакбари мен Алихан Вахаев кездеседі.

Кештің басты кардындағы екінші маңызды жекпе-жекте Шавкат Рахмонов және Дәурен Ермековпен болған жекпе-жектері арқылы қазақстандық ММА жанкүйерлеріне жақсы таныс Фаридун Одилов пен «Alash Pride» лигасында өнер көрсетіп үлгерген Алтынбек Мамашов октагонға шығады.

Сондай-ақ негізгі кард аясында Артем Резниковтың бұрынғы қарсыласы әрі Тимур Серікұлының спарринг-серіктесі Али Багов жекпе-жек өткізеді. Ал прелимдерде NAIZA лигасының бұрынғы чемпионы Сайфулла Джабраилов өнер көрсетеді.

Өкінішке қарай, турнир барысында бірнеше жекпе-жек өтпейтін болды. Мухамед Усман мен Грищенко арасындағы жекпе-жектің болмайтыны белгілі болды. Құжаттарға қатысты мәселелерге байланысты UFC-дің бұрынғы чемпионы Камару Усманның туған інісі Мәскеуге ұша алмады.

Сондай-ақ Магнус Конрадо да жекпе-жектен бас тартты. Оның қарсыласы Абдурзаков салмақ өлшеу рәсімінде белгіленген межеден 1 келі артық көрсетіп, салмақ лимитінен өте алмады.

Турнир Астана уақытымен 18:30–да басталады. Тікелей эфирді Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады.



Күн шежіресі