Асу Алмабаев жеңіліс көрмеген спортшымен жекпе-жек өткізеді

Асу Алмабаев жеңіліс көрмеген спортшымен жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық UFC жауынгері Асу Алмабаев ACB JJ лигасымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport+.

Ол 30 тамызда Түркияның Ыстамбұл қаласында грэпплинг бойынша алғашқы белдесуін өткізеді.

Оның қарсыласы ММА-да жеңіліп көрмеген Халим Назрулоев болады. Жекпе-жекте All Stars No Gi титулы сарапқа салынады.

Назрулоев ММА-да 13-0 рекордына ие. Соңғы жекпе-жектерін RCC лигасында өткізген.



Күн шежіресі