logo

Қазақстандық талант Кипр клубына ауысты

Қазақстандық талант Кипр клубына ауысты

Кипрдің бірінші дивизионында өнер көрсететін «Акритас Хлоракас» футбол клубы қазақстандық жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебекті команданың футболшысы ретінде ресми түрде таныстырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Келісімшарт мерзімі — бір жыл.

2024 жылдың басында Кенжебекті «Жеңіс» жалға алды, алайда бас бапкер ауысқаннан кейін елордалық клуб футболшыны құрамда қалдыруға бас тартты.

«Акритас Хлорокасты» ресейлік маман Денис Лактионов жаттықтырады, оның ұлы Никита Қазақстан чемпионатында «Ақтөбе» және «Жеңіс» сапында ойнады.



Күн шежіресі