Олимпиада жүлдегерінің суреті танымал журналдың мұқабасында жарияланды
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Александра Ленің суреті танымал «ELLE Kazakhstan» журналының мұқабасында жарияланды, деп хабарлайды Sport +.
Франция астанасы Парижде өткен ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының винтовкадан оқ атудан қола жүлдегері Александра Ленің суреті «ELLE Kazakhstan» журналының жаңа санының мұқабасында жарияланды.
«Бұл шығарылым өте үлкен мақсаттарға қол жеткізуге деген батылдық пен талпынысқа арналған», - деп жазылған «ELLE Kazakhstan» журналының Instagram желісіндегі ресми парақшасында.
Айта кетейік, Александра Ле мен Ислам Сәтбаев Париж Олимпиадасында 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында бақ сынап, қола жүлде жеңіп алған еді.