Солтүстік Корея спортшылары Оңтүстік Кореялық қарсыластарымен түскен сурет үшін жазаланды
Париждегі Олимпиадада жүлдегер атанған Солтүстік Кореяның үстел теннисі спортшылары Оңтүстік Кореялық қарсыластарымен бірге түскен сурет үшін өз елдеріне оралған соң сынға ұшырады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ри Чон Сик пен Ким Кум Ен 2024 жылғы Олимпиадада Оңтүстік Корея өкілдерімен бірге селфи жасағаны үшін «идеологиялық бақылауға» алынды.
Пхеньяндағы жоғары лауазымды дереккөздің мәліметіне сүйенсек, спортшылар мен Солтүстік Кореяның Ұлттық Олимпиада комитетінің мүшелері тамыз айының ортасында елге оралған сәттен бастап бір айлық «идеологиялық тазалаудан» өтті. Бұл коммунистік мемлекеттен тыс өмірді көрген спортшыларға арналған стандартты процедура болып табылады.