logo

Моуриньо «Бодрумспордың» жеңіліссіз сериясын тоқтата ала ма? «Бодрумспор» — «Фенербахче» матчының тікелей эфирі

Моуриньо «Бодрумспордың» жеңіліссіз сериясын тоқтата ала ма? «Бодрумспор» — «Фенербахче» матчының тікелей эфирі

28 наурызда Түркия Суперлигасының 29-турында «Бодрумспор» өз алаңында стамбұлдық «Фенербахчені» қабылдайды, деп хабарлайды Sport+.

Суперлиганың жаңадан қосылған командасы «Бодрумспор» Түркия футболының элитасында қалу үшін бар күшін салып жатыр. Ұзақ уақыт бойы команда төменгі орында болғанымен, соңғы сегіз матчта алты жеңіске жетіп, екі рет тең түсті.

Енді олар чемпионаттың көшбасшыларының бірі — «Фенербахчемен» кездеседі. Моуриньоның шәкірттері чемпиондық бәсекеден тыс қалмауға тырысып, «Галатасарайды» жақындатпау үшін күресуде.

Бірінші айналымда Стамбулда өткен матчта «Фенербахче» 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

«Бодрумспор» — «Фенербахче» матчын тікелей эфирде Sportplustv.kz сайтынан тамашалауға болады.



Күн шежіресі