«Фенербахче» кездесуі жанкүйерлер төбелесі үшін тоқтатылды

Еуропа лигасының плей-офф кезеңінің қарымта матчында «Андерлехт» пен «Фенербахче» 2:2 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Sport+.
Алғашқы ойында түрік клубы 3:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.
4-минутта Юссеф Эн-Несири «Фенербахчені» алға шығарды, алайда 19-минутта Луис Васкес есепті теңестірді. Осы сәтте жанкүйерлер арасында төбелес шығып, матч 20 минутқа тоқтатылды.
Екінші таймда Васкес (55’) дубль жасап, «Андерлехтті» алға шығарды, бірақ Юсуф Акчичек (63’) қайтадан есепті теңестірді.
Екі матчтың қорытындысы бойынша (5:2) «Фенербахче» Еуропа лигасының 1/8 финалына өтті, ал «Андерлехт» турнирден шығып қалды.