«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы өнерін сенімді жеңіспен бастады (видео)

«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы өнерін сенімді жеңіспен бастады (видео)

Алматылық «Қайрат» футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы кездесуін латвиялық «Бейтарға» қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport+. 

Қазақстандық клуб қарсыласын 5:3 есебімен жеңді. Матчта Кайо Руис хет-трик авторы атанса, Азат Валиуллин мен Алмас Иманбеков бір голдан соқты.

«Қайрат» турнирдің 1/8 финалына мерзімінен бұрын жолдама алды. Себебі румыниялық «Юнайтед Галац» жарысқа қатысудан бас тартты, ал топтағы үздік үш команда плей-офф кезеңіне өтеді.

31 қазанда алматылық команда Бельгияның «Спортинг-Андерлехт» клубымен кездеседі.

 



Күн шежіресі