Қазақстандық спортшылар Венгриядағы халықаралық турнирге қатысады
29 қазан мен 1 қараша аралығында Венгрияның ең көне қалаларының бірі, біздің заманымызға дейінгі 45 жылы негізі қаланған Сомбатхейде үстел теннисінен «WTT Youth Contender Szombathely» халықаралық жасөспірімдер турнирі өтеді, деп хабарлайды Sport+.
Жарысқа әлемнің 35 елінен келген спортшылар қатысып, 11, 13, 15, 17 және 19 жасқа дейінгі санаттарда өзара мықтыны анықтайды.
Аталған турнирде Қазақстан намысын келесі спортшылар қорғайды:
Жания Бекмұхамбетова
Дулат Ералхан
Игітәлі Сұлтанмұратов
Бақдәулет Сауырбай
Кирилл Берников
Дағыр Данияров
Арайлым Сапабек
Мансұр Сүйіндік
Николай Чернозубов
Арсен Асатулла
Медина Амандық
Жеңіс Жастілек
Әнел Ақатаева
Арлан Ахметов
Томирис Рамазан