Моуринью баптайтын «Фенербахче» 13 матчтық жеңіліссіз серияға жетті

«Фенербахче» бас бапкері Жозе Моуринью командасының жеңіліссіз сериясын 13 матчқажеткізді, деп хабарлайды Sport+ sports.ru сайтына сілтеме жасап.
Түркиялық клуб Еуропа лигасының плей-офф кезеңінің алғашқы кездесуінде «Андерлехтті» 3:0 есебімен ойсырата жеңді.
«Фенербахче» соңғы рет 11 желтоқсанда жеңіліс тапқан. Содан бері команда 10 жеңіс, 3 тең ойын тіркеді, жалпы гол айырмашылығы – 34:11.
Қарымта матч 20 ақпанда өтеді.
Түркия чемпионатында Моуринью командасы 54 ұпаймен екінші орында, ал көшбасшы «Галатасарайдың» еншісінде 57 ұпай бар және бір ойыны кем.
Sport+ телеарнасынан «Фенербахче» Суперлигадағы барлық матчтарын тікелей эфирде тамашалауға болады.