«Галатасарай» Моуриньоға қарсы қылмыстық іс қозғауды талап етті

«Галатасарай» клубының баспасөз қызметі Түркия чемпионатының «Фенербахчемен» өткен (0:0) кездесуіненкейін Жозе Моуриньоның сөздерін қатаң сынға алды, деп хабарлайды Sport+.
Матчтан кейін португалиялық бапкер «Галатасарай» өкілдері бір сәтте орындықтарында маймылша секірді»деп мәлімдеме жасаған.
«Түркияға келген күннен бастап «Фенербахче» бас бапкері Жозе Моуриньо түрік халқына қарсы кемсітуші мәлімдемелер жасап келеді. Бүгін оның сөздері моральсыз пікірден адамшылыққа жат әрекетке ұласты. Біз Жозе Моуриньоның нәсілшілдік сипаттағы сөздері үшін қылмыстық іс қозғау, сондай-ақ УЕФА мен ФИФА-ға ресми шағым түсіру туралы шешім қабылдағанымызды мәлімдейміз», – делінген «Галатасарай» клубының ресми мәлімдемесінде.
Қазіргі таңда «Галатасарай» Түркия чемпионатында 24 матчтан кейін 64 ұпаймен көш бастап тұр, ал Жозе Моуриньо баптайтын «Фенербахче» 58 ұпаймен екінші орында.