Испания кубогының үш матчы Sport+ эфирінде тікелей көрсетіледі

Испания кубогының үш матчы Sport+ эфирінде тікелей көрсетіледі

Испанияда футболдан ел кубогының алғашқы кезеңі жалғасып жатыр. Бұл кезеңде Ла Лига клубтары төменгі дивизион командаларымен сырт алаңда кездеседі.

29 қазанда Sport+ көрермендері Испания кубогының үш кездесуін тікелей эфирде тамашалай алады.

Матчтардың кестесі (Астана уақытымен):

29 қазан, 22:50 — «Лебрихана» — «Хетафе»
30 қазан, 00:50 — «Прат» — «Атлетик Бильбао» (тек сайтта)
30 қазан, 00:50 — «Спортинг Орталеса» — «Севилья»

«Хетафе» мен «Севилья» командаларының матчтары Sport+ Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ал «Прат» пен «Атлетик Бильбао» арасындағы кездесуді тек sportplustv.kz сайтынан көруге болады.



Күн шежіресі