«Фенербахче» қатарынан 13 матчта жеңіліс көрмеді. «Фенербахче» — «Касымпаша» матчының тікелей эфирі

Португалдың бапкер Жозе Моуриньюдің «Фенербахчесі» 13 матч қатарынан жеңілмей келе жатыр.
13 ақпанда түрік клубы Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінің алғашқы матчында «Андерлехтті» 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Өзінің сәтті сериясын команда бүгін Суперлига аясындағы «Касымпашаға» қарсы үйдегі ойында жалғастыра алады.
«Фенербахче» 11 желтоқсаннан бері жеңілген жоқ: 10 жеңіс және 3 тең ойын. Жалпы есеп — 34:11.
Түркия чемпионатында португалиялық бапкердің командасы 54 ұпаймен екінші орында тұр. Көшбасшы — «Галатасарай», оның қоржынында бір ойыны кем бола тұра 57 ұпай бар.
Sport+ Qazaqstan телеарнасы — Қазақстан аумағындағы Түркия Суперлигасының ресми хабар таратушысы.
«Фенербахче» мен «Касымпаша» арасындағы матчтың тікелей трансляциясын Sport+ Qazaqstan телеарнасынан және Sportplustv.kz сайтынан көре аласыз. Ойынның басталуы 21:00–де.