logo

Милич Чурчич «Жеңіспен» болған ойын туралы: Біреулер оянбады

Милич Чурчич «Жеңіспен» болған ойын туралы: Біреулер оянбады

Қостанайлық «Тобыл» бапкері Милич Чурчич ҚПЛ 6-турында елордалық «Жеңіспен» өткен матч (1:1) туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Әрине, 1:1 есебі қанағаттанарлық емес. Есеп 1:0 болған кезде мүмкіндіктерті қолдану керек еді. Концентрация жетіспеді, біреулер оянбады. Ойын сағат 14:00-де басталды. Мен білемін, біз өзгеше жұмыс істедік және айта аламын, қажетті реакция болған жоқ. Әсіресе қорғаныста. Қорғаныстағы реакция жақсы болуы керек. Ұйымдастырумен жұмыс істеу керек. Қарсылас команданы жақсы ойынмен құттықтаймын, команда қорғаныста жақсы жұмыс істеді, өз мүмкіндіктерін күтті және соқты. Бізде гол кезінде қайталанатын қателіктер бар. Тағы да қайталаймын, егер 1:0 және мүмкіндіктер болса, соғып, аяқтау керек. Осындай ойын күттім, төрт күн бойы ойыншыларға демалмауды және қарсыласты менсінбеуді айтып келдім, себебі футбол бұны кешірмейді. Бүгін осылай болды. Сондықтан жалғастырамыз, жеңілістерден сабақ алу керек».