logo

«Астана» мен «Тобыл» драмаға толы ойында тең тарқасты

«Астана» мен «Тобыл» драмаға толы ойында тең тарқасты

Елордалық «Астана» Olimpbet QFL Қазақстан чемпионатының бесінші туры аясында қостанайлық «Тобылмен» кездесті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Қостанайлықтар ойынның 13-минутында Папа Ндиай баспен дәл соққы бағыттап, елордалық команданың қақпасына гол соқты. 

Үзіліске дейін «Астана» командасының хорватиялық вингер Марин Томасов қорғаушылардың қателігін пайдаланып, есепті теңестірді. 

Екінші таймда командалар аз жылдамдықты көрсетті, бірақ күрестің қарқыны бойынша ойынның екінші бөлігі біріншісінен кем түспеді. 

78-минутта қосалқы құрамнан жасыл алаңға шыққан Дэвид Энен «Астананың» қақпашысы Чондричті қапы қалдырды. 

Ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда «Астананың» түлегі Станислав Басманов есепті қайтадан теңестірді.

Бұл ойында ғажайыпты сәттер аяқталған жоқ. Бірнеше минуттан кейін Руслан Валиуллин «Тобылға» үш ұпай сыйлағандай болды, алайда қазақстандық футболшының нәтижелі соққысы есептелмеді — бұл сәтке дейін «Тобыл» футболшысы Бейбіт Ғалым ереже бұзды. 

Қорытынды есеп — 2:2.

Төрт матч нәтижесі бойынша «Тобыл» 8 ұпай жинап, турнир кестесінің төртінші орынында тұрақтады. «Астана» жеті ұпайға ие болаып, жетінші орында орналасты.