logo

АПЛ мен Бундеслиганың бұрынғы шабуылшысы «Тобылға» ауысуға жақын болды

АПЛ мен Бундеслиганың бұрынғы шабуылшысы «Тобылға» ауысуға жақын болды

Нидерландтық ПСВ мен ағылшындық «Брайтонның» бұрынғы шабуылшысы Юрген Локадия «Тобыл» құрамын толықтыруға, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

- Юрген Локадия біз қатарымызға қоса алатын соңғы ойыншылардың бірі болды. Ол «Брайтон» мен ПСВ-да өнер көрсетті. Ол небәрі 30 жаста. Өте жақсы шабуылшы, бірақ Локадия мен «Тобыл» келісе алмады», - деді клуб басшысы Әлімжан Қалдияров Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында.

Форвард ПСВ, «Брайтон», «Хоффенхайм», «Цинциннати», «Бохум», «Персеполис» және «Цанчжоу Майти Лайонс» клубтарында ойнады. 2024 жылдың 4 наурызында 30 жастағы футболшы испандық «Аморебьетамен» келісімшартқа отырды. Transfermarkt порталы ойыншының құнын 1,2 миллион еуроға бағалайды.