logo

Футболдан ел құрамасының ойындары «Астана Арена» стадионында өтеді

Футболдан ел құрамасының ойындары «Астана Арена» стадионында өтеді

Футболдан Қазақстан құрамасының ойындары елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Осыған дейін Астана қаласындағы басты стадион күрделі жөндеу жұмыстарына жабылған еді.

Жақын арада Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін «Астана» және «Жеңіс» футбол командалары стадионға оралады.

Күзде Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасындағы ойындарын бастауы тиіс. Қазақстан В лигасының 3-тобында Аустрия, Норвегия және Словения құрамаларымен ойнайды.

Қазақстан 6 қыркүйекте өз алаңында азулы Норвегия командасын қабылдайды.



Күн шежіресі