Саян Хамитжанов «Астананың» маусымды сәтсіз бастағаны туралы пікір білдірді
«Астана» футбол клубының басшысы Саян Хамитжанов OLIMPBET QFL Премьер-лигасында команданың өнері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Чемпионатының бесінші турында «Астана» костанайлық «Тобылмен» тең ойнады (2:2).
– Ұлттық құрамадағы үзілістен кейін командада құлдырау болды, бірақ біз бұл жайттың орын алуы мүмкін екенін білдік, себебі «Астанада» тек Қазақстан ғана емес, басқа елдердің де ұлттық құрамаларының ойыншылары жетерлік. Басқа клубтармен салыстырғанда құрама ойыншылары бізде көбірек екені де белгілі. Оған қоса, биылғы маусымда команда барлық матчты сырт алаңда өткізуге мәжбүр, өйткені «Астана Арена» стадионы жылдың соңына дейін жөндеу жұмыстарына байланысты жабық. Мен «Хан Тәңірі» басшылығына командамыз үшін Алматыдағы стадионда жағдай жасағанына алғыс айтамын, бірақ өз үйім – өлең-төсегім дегендей, сыртта ойнау ауырға түседі. Бірақ, бізде амал жоқ. «Тобылмен» өткен ойын біздің команданың мінез бен еңбектің арқасында, ештеңеге қарамастан, қарсыласпен тең түсті, болған жағдайды реттей білді, сондықтан болашаққа тек сеніммен қараймыз. Алда «Тұран» және «Ақтөбемен» өтетін қиын матчтар бар, енді бәріміз бір жеңнен қол шығарып, бірігіп жұмыс істеуіміз өте маңызды. Ұпай жоғалтқанына қарамастан, «Астана» әрқашан биік талап-мақсат қояды және біз Чемпиондық үшін соңына дейін күресті жалғастырамыз. Біз чемпиондар тондосы клубқа оралуы үшін бар күшімізді саламыз, сонымен қатар еуропалық жарыстарда ел намысын қорғап, әдемі ойын көрсетуге тырысып бағамыз.
– Соңғы кездері Қазақстан чемпионатының матчтарында төрешілер қателік жіберген жағдайлар жиілеп кетті. Сіз мұны немен байланыстырасыз?
– Төрешілікпен уәкілетті орган - ҚФФ Төрешілер мен инспекция департаменті айналысуы керек. ҚФФ тарапынан аталған жағдайға реакция танытқанына қуаныштымын, қателіктерін көпшілік алдында мойындай бастады. Федерация осы саясатты жалғастырып, соңғы турдағы кездесулер бойынша, соның ішінде «Астана» - «Тобыл» матчындағы қателіктер бойынша жұртшылық алдында жауап береді деп сенеміз. Бұл отанлық футболдың дамуы үшін өте маңызды қадам. Бірақ, өкініштісі де сол, алғашқы раундтарда қателіктер жетерлік, бұл тек «Астананың» ойындарына ғана қатысты емес. Себеп-салдарды жаңа маусымның басталуымен байланыстырамын, ал басқа себептер жоқ деп ойлаймын.