Махачевтің бапкері Рахмоновпен мүмкін болатын жекпе-жек туралы: Егер UFC ұсынса, әрине келісеміз
Ресейлік жауынгер Ислам Махачевтің бапкері Хавьер Мендес «Спорт-Экспресс» сайтына берген сұхбатында Ислам мен Шавкат Рахмонов арасындағы ықтимал жекпе-жек туралы айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Егер UFC ұсынса, әрине келісеміз. Шавкатпен жекпе-жектегі мәселелер? Ондай мүлдем, жоқ. Егер UFC онымен төбелесу керек десе, ұсыныс жасаса, Ислам: „Мәселе жоқ“ дейді. Мұның бәрі Исламға, оның айтқан сөзіне байланысты. Бірақ менің білуімше, ол Белалмен төбелесуге қарсы. Олар залда тым көп уақыт өткізді, сондықтан бұл жекпе-жек болмайды», - деді бапкер.
Егер Рахмонов жартылай орта салмақтағы белбеуді жеңіп алса және Махачев салмақ дәрежесінде көтерілуге шешім қабылдаса, аталмыш жекпе-жек өтуі мүмкін. Қазір Ислам Махачев жеңіл салмақтағы UFC белбеуінің иегері.