Нұрболат Абу алдағы жекпе-жекке толыққанды дайын екенін айтты
Қазақстандық ММА файтері Нұрболат Абу АСА Young Eagles турнирі аясында Ильмади Исраиловпен жекпе-жекке дайындығы жайында айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan лиганың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып:
«Мен 100% сенімдімін. Алланың қалауымен жеңіске жетемін деп ойлаймын.
Бұл жекпе жек өз мүмкіндігімді көрсететін кез деп білемін. Мен үш раундқа дайынмын. Ильмади - мықты спортшы, бірақ мен жеңіске жетемін деп келдім.
Мақсатым – осы жекпе жекте жеңіп, АСА лигасымен келісім шартқа отыру. Шайқасқа дайынмын», - деді қазақстандық жауынгер.