logo

Нурмагомедов – Шаблий жекпе-жегі, сондай-ақ Айвазянның Bellator-дағы дебюті Sport Plus Qazaqstan тікелей эфирінде

Нурмагомедов – Шаблий жекпе-жегі, сондай-ақ Айвазянның Bellator-дағы дебюті Sport Plus Qazaqstan тікелей эфирінде

ТМД-дағы ең атышулы шайқастардың бірі - Усман Нурмагомедов-Александр Шаблий жекпе-жегі 8 қыркүйек күні таңертең өтеді. Жауынгерлер жеңіл салмақтағы Bellator лигасының атағына таласады.

Сондай-ақ, бұл турнирде грузин Леван Чокхели американдық Лоренц Ларкинге қарсы негізгі үміткер мәртебесі үшін төбелеседі.

Сонымен қатар, турнирде Хабиб Нурмагомедовтың Eagle FC лигасының бұрынғы жұлдызы Жора Айвазян өнер көрсетеді. Ол Қазақстан жұртшылығына 2022 жылы Әли Қабдолланы жеңгенімен танымал. Хабиб лигасының тағы бір бұрынғы жауынгері жеңілмеген Имам Шафи Алиев лигадағы екінші жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы жеңіліс дәмін татпаған Джордан Ньюман атанады.

Аталмыш жекпе-жектерді тікелей эфирде Sport Plus Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады. 



Күн шежіресі