Деметриус Джонсон мансабын аяқтады
Бүгін ONE FC турнирінде ММА аңызы, бұрынғы UFC чемпионы және ONE FC чемпионы Деметриус Джонсон спорттан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Естеріңізге сала кетейік, Деметриус қазақстандық Қайрат Ахметовтің шақыруын қабылдап, чемпиондық белбеуін қорғауы керек еді, бірақ Қайратта мәселелер туындап, жекпе-жек өтпей қалды.
Деметриус UFC титулын 12 рет қорғап, ақырында Генри Сехудоға есе жіберген. ONE ұйымындағы соңғы екі жекпе-жегі бразилиялық Адриано Мораесқа қарсы өтті.