logo

Килиан Мбаппе Еуро-2024 дебюттік матчында мұрнын сындырды

Килиан Мбаппе Еуро-2024 дебюттік матчында мұрнын сындырды

Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам шабуылшы Килиан Мбаппенің 2024 жылғы Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің 1-турында Австриямен болған матчта алған жарақаты туралы айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Килиан, бәлкім, мұрнын сындырған шығар», — деді Дешам.

Естеріңізге сала кетейік, Мбаппе Австриямен матчта жарақат алды. Шабуылшы қарсылас қорғаушы Кевин Дансомен соқтығысып, кездесуді жалғастыра алмады. Француздар австриялықтарды Максимилиан Вебердің автоголы арқасында минималды есеппен жеңді.



Күн шежіресі