Грузия құрамасы Еуро-2024 финалдық кезеңіне жолдама алды
Футболдан Грузия құрамасы Ұлттар лигасының С дивизионының финалында пенальти сериясында Грекия құрамасынан басым түсті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Матчтың негізгі уақыты 0:0 есебімен аяқталды, пенальти сериясында Грузия дәлірек болды. Шешуші соққыны қостанайлық «Тобылдың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Ника Квеквескири жасады.
Бұл Грузия құрамасы үшін тарихи сәт, себебі грузиндер Еуро финалдық кезеңіне бұрын қатыспаған.