logo

Керлингтен Қазақстан құрамасы Канадада өнер көрсетуде

Керлингтен Қазақстан құрамасы Канадада өнер көрсетуде

Қазақстан командасы Канадада керлингтен чемпионатқа қатысуда, деп хабарлайды Sport+. 

Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы Б дивизионында өнер көрсетуде. Қазіргі уақытта ерлер құрамасында 2 жеңіс, 1 жеңіліс бар. Әйелдер командасы бір рет жеңіске жетіп, бір рет жеңілген. 

Ерлер Нигерия (12:3) және Бразилия (7:2) командаларынан басым түсіп, Ямайкаға 8:9 есебімен жол берген. 28 қазан күні Отандық спортшыларды Пуэрто-Рико ұжымымен кездесу күтіп тұр. 

Әйелдер болса Нигерияға есе жіберіп, Аустралиядан (7:8) айласын асырған. Келесі қарсылас - Гонконг.