Биатлоннан Қазақстан құрамасы Еуропаға аттанды
Биатлоннан Қазақстан құрамасы қысқы маусымға дайындалу үшін Словенияға аттанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Словенияның солтүстік-батысындағы Поклюку тау бөктеріне бірінші болып Владислав Киреев пен Адима Қуанышбекова жетті. Команданың басқа да мүшелері 18 қазан күні оқу-жаттығу басталуына келеді деп мәлімдейді Қазақстан биатлоншылар Одағы.
«Поклюкудан бастап, әрі қарай Германияда он күн өткізуді жоспарлап отырмыз. Кейін 1 қарашадан бастап Италияда қардағы жаттығу жиынына кірісеміз. Шаңғыда дайындық жүргізіп, соңында жарысқа қатысамыз», — деді биатлоншылар.