Жүзуден Әлем кубогының жалпы есептегі жеңімпаздары анықталды

Жүзуден Әлем кубогының жалпы есептегі жеңімпаздары анықталды

Астанада World Aquatics Swimming World Cup Astana 2026 жарысының қорытынды кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport+.

Турнирлер сериясының нәтижесі бойынша Әлем кубогының жалпы есебіндегі жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Чемпиондарға 100 мың АҚШ доллары, күміс жүлдегерлерге 70 мың, ал қола жүлдегерлерге 30 мың доллар көлемінде сыйақы табысталды.

2026 жылғы жүзуден Әлем кубогының жалпы есебінде Нидерланд өкілі Маррит Стенберген мен Оңтүстік Африка Республикасының спортшысы Питер Кутце топ жарды. Олардың әрқайсысы 100 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.

«Көпшілік ерлер арасындағы жалпы есептің жеңімпазы бүкіл серияның соңғы жүзу сайысында ғана анықталғанын ерекше атап өтті. Менің ойымша, мұндай жағдайлар қысымға төтеп беруді үйренуге көмектеседі. Бар назарымды өз міндетіме аударуға тырыстым. Жарыс алдындағы дене қыздыру кезінде қолым аздап ауырды. Сондықтан барынша жинақы болып, оның маған кедергі келтіруіне жол бермеуім керек еді. Мен тек ең жақсы нәтижемді көрсеткім келді. Ақырында бассейн қабырғасына бірінші болып жеттім. Бұған өте қуаныштымын», — деді Питер Кутце жеңісінен кейін.

Жалпы есепте екінші орындарды ресейлік Егор Корнев пен Қытай өкілі Юй Итинг иеленді. Олар 70 мың АҚШ долларынан сыйақы алады.

Ал қола жүлдегерлер қатарынан бельгиялық жүзуші Роос Ваноттердейк пен Лукас Хенво көрінді. Олардың әрқайсысына 30 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйлық берілді.

Жүзуден Әлем кубогының қорытынды кезеңі Қазақстан астанасында алғаш рет ұйымдастырылды. Астанадағы жарыс Баку мен Ташкент қалаларында өткен турнирлерді де қамтыған Silk Road Tour сериясының соңғы кезеңі болды.

Үш кезең бойы спортшылар жекелеген қашықтықтарда жеңіске жету, ақшалай жүлделерді иелену және жалпы есептегі орындарын жақсарту үшін бақ сынады.



Күн шежіресі