«Елімай» «Ұлытауды» жеңіп, еурокубок жолдамасы үшін күресін жалғастырды (видео)

«Елімай» «Ұлытауды» жеңіп, еурокубок жолдамасы үшін күресін жалғастырды (видео)

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 23-туры аясында «Елімай» өз алаңында «Ұлытауды» 2:1 есебімен жеңді.

Алаң иелері сапынан Мурилло мен Роджерио Шина гол соқты. Ал қонақтар құрамында матчтың соңына қарай Глеб Бухал мергендігімен көзге түсті.

Айта кетейік, семейлік команда кездесуді он ойыншымен аяқтады. Страхинья Танасиевич екі сары қағаз алып, алаңнан қуылды.



Күн шежіресі