Almaty Open іріктеу кезеңінің финалдық матчтары Sport+ эфирінде

Almaty Open іріктеу кезеңінің финалдық матчтары Sport+ эфирінде

Almaty Open турнирінің іріктеу кезеңінде алғашқы екі нөмірмен тіркелген Адам Уолтон мен Роман Сафиуллин бүгін негізгі кезеңге жолдама алу үшін шешуші матчтарын өткізеді.

ATP әлемдік рейтингінде 98-орында тұрған австралиялық Адам Уолтон сағат 11:00–де кортқа шығады. Оның қарсыласы грузиялық теннисші Николоз Басилашвили болмақ.

Осы кездесуден кейін кортқа ресейлік екі теннисші шығады. Әлемнің 70-ракеткасы Роман Сафиуллин ATP рейтингінде 154-орында тұрған Илья Симакинмен кездеседі.

Екі матчтың да тікелей трансляциясын Sport+ Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тамашалауға болады.



Күн шежіресі