logo

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасы Германияда өнер көрсетеді

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасы Германияда өнер көрсетеді

Конькимен жүгіруден спортынан Қазақстан құрамасы 25-27 қазан күндері Германиядағы ISU халықаралық турниріне қатысады, деп хабарлайды Sport+.

25 қазан күні әйелдер мен ерлер арасында 500 метрге, сонымен қатар 3000 және 5000 метрге жарыс өтеді. 

 «Осы жарыс нәтижесінде ересектер арасындағы Әлем Кубогының кезеңдеріне құрама жасақталады. Бір айға жуық Инцелде жаттығып, бір сайысқа қатысдық. Енді ISU халықаралық турнирін сәтті өтсек дейміз. Іріктеу сын аяқталған соң, 6 қараша күні Жапонияға, маусымдағы алғашқы ресми турнирге аттанамыз», - деді команданың бас бапкері Александр Панфилов.