Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Канададағы жарысты аяқтады
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Канададағы әлемдік турдың бірінші кезеңінде өнер көрсетіп болды, деп хабарлайды Sport+.
Монреалда жаңа маусымдағы World Tour сериясы басталды, жеңімпаздар 9 қашықтықта анықталды.
Қазақстан командасы сапынан үздік нәтижесі капитан Денис Никишаға тиесілі. Ол 500 метрде «Б» тобына өте алды, алайда төреші шешімімен жарыс жолынан шықты.
Сонымен қатар, ерлер командасы 5000 метрге эстафетада 6-орынға тұрақтады. Біздің құрама АҚШ және Жапониядан озып түсті.
Әлемдік турдың келесі кезеңі Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) 1-3 қараша күндері өтеді. Қазақстан командасы осы құраммен өнер көрсетеді.