logo

Иржи Ярошик «Шахтер» бапкерлер штабына қосылды

Иржи Ярошик «Шахтер» бапкерлер штабына қосылды

47 жастағы чех маманы Иржи Ярошик «Шахтер» футбол клубының бапкерлер штабына қосылды, деп хабарлайды Sport+.

Ярошик өзінің мансабында Англияда «Челси» , Ресейде «ЦСКА» , Шотландияда «Селтик» және Чехияда «Спарта» клубтарында ойнап, чемпион атанған атақты футболшы. Ол бапкер ретінде «Спарта», «Ружомберок», «Теплице» және басқа да клубтарды жаттықтырған.

Сонымен қатар, «Шахтер» бапкерлер құрамына мол тәжірибесі бар Петар Алексеевич пен Джозеф Муха қосылды.

Клубтың бапкерлер штабында Қарағанды футболының аңызы Андрей Финонченко, сондай-ақ Игорь Маштаков пен Сергей Ткачук өз қызметтерін жалғастырады.