Бағдат Қайыров: Бұл маусым біз үшін сәтсіз өтті деуге болады
«Ақтөбе» қорғаушысы Бағдат Қайыров ҚПЛ-дің 25-турында қарағандылық «Шахтерге» қарсы өткен матчтан кейінгі маусымнан алған әсерлерімен бөлісті, деп хабарлайды Sport+:
«Бүгін жеңіске жеткенімізге өте қуаныштымыз. Ең алдымен, бұл жеңісті «Ақтөбе» жанкүйерлеріне арнаймын. Бұл оңай ойын болмады, бірақ жеңдік. Маусым біз үшін сәтсіз өтті деуге болады – чемпиондыққа қол жеткізе алмадық. Бірақ кінәліні іздеудің қажеті жоқ, өйткені ең алдымен өзіміз кінәліміз. Барлығымыз мұны түсіндік. Қазақстан Кубогындағы жеңіс жанкүйерлер үшін жұбаныш болды деп ойлаймын. Енді соңғы турда жеңіске жету үшін бар күшімізді саламыз».