logo

Жоғарғы лигада орнын жоғалтқан «Шахтер» бес матчтық жеңіліссіз сериясын үзді

Жоғарғы лигада орнын жоғалтқан «Шахтер» бес матчтық жеңіліссіз сериясын үзді

«Шахтер» мен «Қызылжар» арасындағы QFL OLIMPBET Премьер-Лиганың 24-турының матчы аяқталды, деп хабарлайды Sport+.

Қарағандыда өткен матч 1:1 есебімен тең аяқталды. «Қызылжар» шабуылшысы Сенин Себайдың голына алаң қожайындары Айбар Абдулланың дәл соққысымен жауап берді.

Айта кетейік, қарағандылықтар 25-минутта Леонель Адамс алаңнан қуылып, бір ойыншы кем ойнады.