logo

«Челсидің» бұрынғы футболшысы қарағандылық «Шахтердің» бас бапкері атанды

«Челсидің» бұрынғы футболшысы қарағандылық «Шахтердің» бас бапкері атанды

Белгілі чех футболшысы Иржи Ярошик қарағандылық «Шахтердің» бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sport+.

Бүгін ол командаға жаңа бас бапкер ретінде таныстырылды.

Бұған дейін «кеншілердің» жаңа басшысы Талғат Дүйсеков болған.

Ярошик «Спарта» (Прага), ресейлік ЦСКА және лондондық «Челси» командаларында футболшы ретінде өнерімен танымыл. Бапкер ретінде «Спарта», «Слован», «Теплице» және ресейлік «Орынборда» клубтарында қызмет атқарды.